11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Брайтон Адинграны Сандерлендке 21 миллион фунтқа сатты

Брайтон Адинграны Сандерлендке 21 миллион фунтқа сатты

«Брайтон» Симон Адинграның «Сандерлендке» 21 миллион фунт стерлингке ауысқанын ресми түрде жариялады.

Ивуариялық қанатшы үш жыл бұрын даниялық «Нордшелланннан» ауысқаннан бері «шағалалар» сапында 73 матч өткізіп, 12 гол соқты. Өткен маусымда 23 жастағы футболшы алаңға 33 рет шықты, оның 29-ы Премьер-лигада болды.

«Симонмен жұмыс істеу маған ұнады, ол клубтың жетістіктеріне елеулі үлес қосты. Алайда мансабының осы кезеңінде ол үнемі алаңға шығуды қалайды. Қанаттардағы бәсекелестікті ескере отырып, біз оны қамтамасыз ете алмадық», — деді «Брайтонның» бас бапкері Фабиан Хурцелер.