13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Брайтон» 35 миллион еуроға 18 жастағы грек шабуылшысын сатып алды

«Брайтон» 35 миллион еуроға 18 жастағы грек шабуылшысын сатып алды

«Брайтонның» ресми сайтының мәліметінше, клуб Харалампос Костуласты трансферлеу туралы келісімге келді — жас шабуылшы 1 шілдеде ағылшын командасына ауысады.

«Олимпиакостың» тәрбиеленушісі грек шабуылшысы бес жылдық келісімшартқа қол қояды — ауысу барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жүзеге асады.

Өткен маусымда Костулас өз клубына алтын дубль жасауға көмектесті — команда Грекия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Барлық турнирлердегі 35 ойында 18 жастағы футболшы жеті гол соғып, екі голдық пас берді.

Трансфер сомасы 35 миллион еуроны құрайды, тағы 2 миллион еуроны «Олимпиакос» бонус ретінде ала алады.