Оқу уақыты: 1 мин

Boxingscene журналисі Жәнібек Әлімханұлын әлемнің үздік-20 боксшысының қатарына қосты

Boxingscene журналисі Жәнібек Әлімханұлын әлемнің үздік-20 боксшысының қатарына қосты

Boxingscene.com мәліметінше, журналист Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды.

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) — мықтылар тізімінде 20-орынға табан тіреді.

Рейтингте бірінші орынды жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) иеленді. Үздік бестікке сондай-ақ:

  • украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО)
  • жапон Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО)
  • ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО)
  • оның отандасы Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) енді

Назар аударарлығы, қазіргі кәсіпқой бокстың басты тұлғасы саналатын мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) — тек сегізінші орынға жайғасты.