24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

BoxingScene Головкинді ең мықты жақты боксшылар тізіміне қосты

BoxingScene Головкинді ең мықты жақты боксшылар тізіміне қосты

Беделді BoxingScene.com порталы Геннадий Головкинді ең мықты жақты боксшылар рейтингіне қосты — бұл жарияланым атақты «Акула» фильмінің 50 жылдық мерейтойына арналған.

Сарапшылар мен жанкүйерлер қазақстандық боксшының мансабы бойы оның ерекше қабілетін — қарсыластарының қатты соққыларына төтеп бере алатынын атап өтті.

Ешқашан нокдаунға түспеген және есеңгіреген күйде болмаған Головкин бір кезде тіпті бетіне соққы алғаннан кейін бірден Дэниел Гилді нокаутқа түсірген

Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін шамамен үш жыл бұрын мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен трилогияда өткізді — содан бері боксшы рингке шыққан жоқ, бірақ мансабын ресми түрде аяқтағанын жарияламады.