Оқу уақыты: 1 мин

«Ботафого» бапкері Роналдуға қатысты қауесетке пікір білдірді

роналду кубок

Euro-football.ru мәліметінше, бразилиялық «Ботафого» клубының бас бапкері Ренато Пайва Криштиану Роналдудың командаға  ауысуы жөніндегі ақпаратқа пікір білдірді.

Бұған дейін 40 жастағы португал шабуылшысы Бразилиядан клубтық әлем чемпионатына қатысатын бір команданың ұсынысын алғаны туралы хабар тараған. Турнирге «Ботафого», «Флуминенсе», «Фламенго» және «Палмейрас» қатысады.

«Рождество тек желтоқсанда. Бірақ егер Роналду келсе, мұндай жұлдызға «жоқ» деп айту мүмкін емес. Мен ештеңе білмеймін. Тек бапкерлер әрқашан үздігін қалайды. Роналду осы жасында да гол соғатын машина болып қала береді», — деді Пайва.

Айта кетейік, «Ботафого» — Бразилияның үш дүркін чемпионы және ФИФА рейтингінде 12-орында тұр. Ол «Флуминенсе», «Фламенго» және «Васко да Гамамен» бірге елдің төрт алпауыт клубының қатарында.