Оқу уақыты: 1 мин

«Боруссия» Джоб Беллингем трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Боруссия» Джоб Беллингем трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Ruhr Nachrichten мәліметінше, дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Нико Ковач клуб жетекшілері Себастьян Кель және Ларс Риккенмен бірге Англияға барып, «Сандерлендтің» жартылай қорғаушысы Джоб Беллингемнің трансферіне қатысты келіссөздер жүргізуде.

19 жастағы футболшы үшін неміс клубы шамамен 25 миллион еуро төлеуге дайын. Айта кетейік, Джобтың ағасы Джуд Беллингем бұған дейін «Боруссия» сапында ойнап, кейін «Реал Мадридке» ауысқан.

Ағымдағы маусымда Джоб Беллингем Чемпионшипте 40 матч өткізіп, 4 гол және 3 нәтижелі пас берді. Оның ойынына бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытып отыр.