11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Боранбаев Сатпаевтың Зенитке өтпей қалу себебін түсіндірді

«Спорт-Экспресс» хабарлағандай, «Қайрат» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев 16 жастағы талантты футболшы Дастан Сатпаевтың «Челсиді» таңдау себебі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Боранбаевтың айтуынша, «Зенит» жас ойыншыға қызығушылық танытқанымен, нақты келіссөздер жүргізу деңгейіне жете алмаған:

«Лондондық клуб бұл мәселеде анағұрлым шешімді болды. Жігіттің барлық қажетті қасиеттері бар – екі аяғымен де жақсы соғады, дене-бітімі мықты. Бірақ оны әйгілі Аршавинмен салыстыруға әлі ерте», – деді ол.

Айта кетерлік жайт, Сатпаевтың әлеуетін алғаш байқаған адам – Андрей Аршавин. Ол шамамен бір жыл бұрын «Зенит» басшылығына жас талантты сатып алуды ұсынған.

Сонымен қатар, ол қазақстандық балалар футболына бұл трансфер үлкен серпін береді деген сенімін білдірді:

«Бұл балалардың дамуына үлес қосады. Олар секцияларға «Челси», «Барселона» немесе «Манчестер Сити» сияқты үздік клубтарға түсу арманымен келе бастайды».