17.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны ауысты

Әуесқой бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны болып Асланбек Шымбергеновтың орнына Айбек Оралбай тағайындалды.

 

Бокстан Париж олимпиадасында 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айбек Оралбай 1/4 финалға дейін барып, әзірбайжандық Лоренцо Альфонсо Домингеске есе жіберген болатын.

 

Сонымен қатар Айбек Оралбай Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы атанған болатын.