29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына 33 ел тіркелген

Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына 33 ел тіркелген

30 маусым мен 6 шілде аралығында еліміздің бас қаласы Астанада бокстан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан бокс федерациясының ақпараты бойынша аталған додаға қатысу үшін 33 елдің былғары қолғап шеберлері тіркелген.

Айтулы жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші құраммен шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жарыс Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.