20.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокстан Әлем кубогы: Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанды

Бокстан Әлем кубогы: Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал Әлем кубогын күміс медальмен аяқтады.