03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өседі

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өседі

«Матч ТВ» хабарлауынша, Халықаралық бокс қауымдастығы әлем чемпионатының жүлде қорына елеулі өзгерістер енгізуге дайындалуда.

IBA президенті Умар Кремлев ұйымның ауқымды жоспарлары туралы мәлімдеді — әлемдік біріншіліктің жүлде қоры қазіргі 5 миллионнан 2028 жылға қарай 25 миллион долларға дейін ұлғаяды.

Әуесқой бокста әлем чемпионатының жүлде қоры 5 миллион доллардан асады, ал 2028 жылы ол 25 миллионға дейін жетеді, чемпион 1 миллион алатын болады. Сондай-ақ 4-5-ші орындарды да марапаттаймыз

Сонымен қатар, Кремлев әлем чемпионатын өткізу мерзімділігі үш жылдық циклден екі жылдық циклге өзгеретінін атап өтті.