03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өседі

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өседі

«Матч ТВ» хабарлауынша, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев әлем чемпионаттарының жүлде қорын айтарлықтай ұлғайту жоспарлары туралы жариялады.

Әуесқой бокста әлем чемпионатының жүлде қоры 5 миллион доллардан асады, ал 2028 жылы ол 25 миллионға дейін жетеді, чемпион 1 миллион алатын болады. Сондай-ақ 4-5-ші орындарды да марапаттайтын боламыз, – деді Кремлев.

IBA басшысы әлем чемпионаты енді үш жылдың орнына әр екі жыл сайын өткізілетінін атап өтті – бұл спортшыларға беделді жүлделер үшін жиі күресуге мүмкіндік береді.