17.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Боксшыларымыз Азия Чемпионаты алдында салмақ ауыстырды

Бокстан Азия чемпионаты алдында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды.

 

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны болып сайланған Айбек Оралбай 92 келіден аса ауыр салмаққа (+92 келі) көтеріледі.

 

Махмұд Сабырхан өткен Париж Олимпиадасы ойындарында 57 келі салмақ дәрежесінде нәтижелі өнер көрсете алмаған соң, 54 келіге қайта оралуды шешкен.

 

Ал Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақтан 92 келіге түсті.

 

Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты Иордания астанасы Амман қаласында 30-қараша мен 12-желтоқсан аралығында өтеді.