01.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бокс федерациясының басшысы Астанадағы турнирге өзбек боксшыларының қатыспау себебін түсіндірді

Бокс федерациясының басшысы Астанадағы турнирге өзбек боксшыларының қатыспау себебін түсіндірді

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мұталып Астанадағы Әлем кубогына Өзбекстан ерлер құрамасының қатыспау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazsport.

Бұл — халқымызды қатты қызықтыратын мәселе. Өзбекстан боксшыларымен және Бокс федерациясымен біздің құрметті қарым-қатынасымыз бар, сондықтан мұнда саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Әр команда, ел жыл басында өз жоспарын құрады. Осы жоспарға сәйкес, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына бір жарым ай қалғанда осы турнирге дайындалуды шешті — бұл олардың жоспары, олардың тактикасы, — деді Мұталып.

Қазақстан астанасында басталған World Boxing турниріне 30 елдің өкілдері қатысуда — Өзбекстан тек әйелдер құрамасымен ғана қатысып отыр.