30.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бохум қорғаушысы Тим Эрманн Байердің ойыншысы атанды

Бохум қорғаушысы Тим Эрманн Байердің ойыншысы атанды

Леверкузеннің «Байер» клубы «Бохумның» қорғаушысы Тим Эрманды сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

21 жастағы футболшы клубпен ұзақ мерзімді келісімге қол қойды — келісімшарт 2029 жылға дейін жасалған. Sky Sport мәліметі бойынша, трансфер құны шамамен 1,8 миллион еуроны құрады.

Келесі маусымда неміс қорғаушысы Австрия чемпионатында өнер көрсетеді — ойыншы «Штурмға» жалға беріледі. Аяқталған Бундеслига маусымында Эрманн 29 матчқа қатысып, екі гол пасын берді.