30.05.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Бодрумспор – Бешикташ: Түркия чемпионатына болжам (01.06.2025)

Бодрумспор – Бешикташ: Түркия чемпионатына болжам (01.06.2025)

2025 жылдың 1 маусымында Астана уақытымен 21:00-де Түркия чемпионатының соңғы турындағы матч – Бодрумспор – Бешикташ өтеді. Букмекерлер бұл ойында фаворит ретінде қонақтарды көрсетіп отыр. Командалардың турнирлік жағдайына, қазіргі формасына тоқталып, матчқа өз болжамымызды ұсынамыз.

Бодрумспор

Бодрумспор соңғы үш турда ұпай жинады. Бұл ойындардың барлығы тең нәтижемен аяқталды. Дегенмен, Түркия Суперлигасының дебютанты элитада өз орнын сақтап қала алмады. Команда турнирлік кестеде 16-орында тұр және соңғы турда жоғары көтеріле алмайды, себебі алдындағы Аланияспордан бес ұпайға артта қалып отыр. Соған қарамастан, Бодрумспор мықты қорғанысымен ерекшеленді. Португалиялық бапкер, Жозе Моуриньоның бұрынғы көмекшісі – Жозе Мораиш, ұстазының классикалық «автобус» тактикасын қолданды. Команда 35 ойында небәрі 39 гол жіберіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша тек Галатасарай (31), Фенербахче (38) және Бешикташ (36) жақсырақ нәтиже көрсетті. Алайда шабуылда айқын қиындықтар болды – маусым бойы тек 26 гол соғылды. Үй матчтарында команда барынша қорғаныстан ойнауға тырысты, бірақ бұл әдіс көп нәтиже әкелген жоқ. Үйде жинаған ұпай саны бойынша Бодрумспор аутсайдерлер үштігіне кіреді.

Бешикташ

«Қара орландар» бұл матчқа көңіл-күйі онша емес жағдайда келіп отыр. Команда қатарынан екі матчта жеңіске жете алмады. Алдымен Сульшердің шәкірттері Аланияспормен тең ойнады (1:1), ал соңғы турда Ризеспорға есе жіберді (1:2). Соған қарамастан, Бешикташ турнирлік кестеде төртінші орында тұр және бұл орыннан төмен түспейді. Бұл оларға Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен бастап қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, команда үшін чемпионаттың қола жүлдесі үшін күрес әлі де жалғасуда. Соңғы тур алдында Бешикташ Самсунспордан бар болғаны екі ұпайға ғана артта қалуда. Сондықтан қонақтардың мотивациясы жоғары болатыны сөзсіз. Алайда Сульшердің командасының сырт алаңдағы нәтижелері әркелкі. Жинаған ұпай саны бойынша үздік бестікке кіргенімен, 17 сырт алаңдық матчтың 9-ы тең нәтижемен аяқталған.

Статистика және жеке кездесулер

2025 жылдың 11 қаңтарында бұл екі команда Түркия футбол тарихында алғаш рет кездесті. Ойын тартысты өтті, бірақ «қара орландар» өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Болжам

Бодрумспор – Бешикташ матчына болжамымыз – қонақтардың жеңісі. Мұнда шешуші фактор – мотивация. Алаң иелері кез келген жағдайда екінші дивизионға түседі, ал Сульшердің командасы қола медаль үшін күресіп жатыр. Сондықтан Бешикташтың жеңісіне ставка қоюды ұсынамыз. Коэффициент – 1.88.