05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Боб Хартли ярославлық «Локомотивті» басқарады

Боб Хартли ярославлық «Локомотивті» басқарады

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, ярославлық «Локомотив» канадалық маман Боб Хартлимен бас бапкер қызметіне келісімге келді.

64 жастағы бапкердің көмекшілер құрамына оның бұрынғы серіктестері — омбылық «Авангардта» бірге жұмыс істеген Жак Клутье мен Сергей Звягин енгізілмек.

Клуб басшылығы бас бапкер қызметіне екі үміткерді қарастырған — Хартли және Швейцария құрамасының қазіргі бапкері Патрик Фишер.

Канадалық маманның КХЛ-дегі соңғы жетістігі — төрт жыл бұрын «Авангардпен» Гагарин Кубогын жеңіп алуы, содан кейін ол омбы клубынан кетіп, бапкерлік қызметін уақытша тоқтатқан.

Клуб сонымен қатар теміржолшылар күні — 3 тамызда чемпиондық шеру өткізетінін жариялады.