13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Благоя Милевски Қазақстанмен болатын ойынға қатысты өз ойын айтты

Благоя Милевски Қазақстанмен болатын ойынға қатысты өз ойын айтты

Солтүстік Македония құрамасының бапкері Благоя Милевски Қазақстанмен болатын матч алдында аталған ойынға қатысты өз ойын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бапкер пікірін Солтүстік Македония футбол федерациясының сайиы жариялады.

Ол өз құрамасы 13 қазанда Скопьеде қонақтарды қабылдайтынын атап өтті.

«Әр матч маңызды, бірақ келесі матч әрқашан одан да маңызды. Қазақстан, әсіресе Астанада өздерінің үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті. Олар жаттықтырушысын ауыстырды, бұл — тағы бір тәуекел, бірақ біз бәріне дайынбыз», — деді Милевски.

Ол өзінің тәлімгерлері бабында екенін жеткізді.

Македония құрамасының ресми сайтында жанкүйерлер Қазақстанмен болатын ойын алдында өз футболшыларына белсенді түрде қолдау білдіруде.

Айта кетсек, «Астана Аренада» футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын қабылдап, 4-0 есебімен жеңген болатын.