03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Біз — үлкен клубпыз, мақсатымыз — тек жеңіс» — Никола Антич «Қызылжарға» қарсы матч алдында

«Біз — үлкен клубпыз, мақсатымыз — тек жеңіс» — Никола Антич «Қызылжарға» қарсы матч алдында

5 шілдеде Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында Қазақстан премьер-лигасының 15-тур ойыны өтеді. Жергілікті «Қызылжар» Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды. Матчтың басталуы — Қазақстан уақытымен 18:00-де.

Өткен турда Андрей Мартин баптайтын шымкенттіктер өз алаңында алматылық «Қайратқа» 0:1 есебімен есе жіберсе, «Қызылжар» сырт алаңда елордалық «Астанамен» 3:3 есебімен тең ойнады.

Турнирлік кестенің көш басында — 15 ойыннан кейін 34 ұпай жинаған «Астана» тұр. Екінші сатыда — «Қайрат» (33 ұпай), ал үшінші орында — «Ақтөбе» (29 ұпай) келеді. Чемпионат басталғалы 13 ойын өткізіп үлгерген «Ордабасы» 19 ұпаймен жетінші орында орналасқан. Ал 14 матч ойнаған «Қызылжар» 15 ұпаймен сегізінші сатыда.

Солтүстікке сапар алдында «Ордабасы» командасының сербиялық қорғаушысы Никола Антич Sport Pulse порталына алдағы матч жайлы пікір білдірді.

— Қарсыласымыздың күшін жақсы білеміз— бұл сапалы әрі ұйымдасқан команда. Олар жақында ғана «Астанамен» ұпай бөлісті. Бар-жоғы екі апта бұрын біз олармен күш сынасып, ойындарын жан-жақты талдап үлгердік.
Алдағы матч оңай болмайтыны анық, бірақ біздің мақсатымыз — тек жеңіс. Біз — үлкен клубпыз және әрдайым алаңға үлкен мотивациямен шығамыз.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!