20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Біз тек жеңіс үшін күресеміз» — Зикрилло Сұлтаниязов «Оқжетпеске» қарсы матч алдында

«Біз тек жеңіс үшін күресеміз» — Зикрилло Сұлтаниязов «Оқжетпеске» қарсы матч алдында

21 маусымда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда «Ордабасы» Көкшетаудың «Оқжетпес» командасымен күш сынасады. Ел чемпионатының 13-туры аясында өтетін ойын Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Өткен турда «Оқжетпес» сырт алаңда «Астанаға» 5:2 есебімен есе жіберді, ал «Ордабасы» өз алаңында «Елімаймен» 1:1 есебімен тең түсті.

13 ойында 30 ұпай жинаған «Астана» турнир кестесінде бірінші сатыда келеді. Одан кейінгі орындарда — «Қайрат» (27 ұпай) және «Ақтөбе» (26 ұпай). «Оқжетпес» 20 ұпаймен 5-сатыда тұр (6 жеңіс, 2 тең ойын, 4 жеңіліс). 11 кездесу өткізген «Ордабасы» — 16 ұпаймен 7-орында (4 жеңіс, 4 тең ойын, 3 жеңіліс).

Матч қарсаңында «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Зикрилло Сұлтаниязов Sport Pulse порталына алдағы ойын туралы пікір айтты:

— Өткен маусымда мен «Оқжетпес» клубында жалға беру негізінде ойнадым, сондықтан көптеген жігіттермен және жаттықтырушылар құрамымен жақсы таныспын. Ол да жақсы кезең болды. Алайда қазіргі таңда мен туған қаламның клубы — «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп жүрмін. Бұл — әрбір шымкенттік жігіттің арманы. Біз әр ойында намысымызды көрсетіп, қаламыздың абыройы үшін алаңға шығамыз. Ертеңгі ойын да — ерекше. Біз тек жеңіс үшін күресеміз! Сондай-ақ барлық шымкенттік жанкүйерлерді матчқа шақырғым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш береді, рух сыйлайды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!