Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Біз олардың мықты тұстарына қалай қарсы тұру керектігін білеміз» — «Оқжетпес» шабуылшысы «Жеңіспен» болатын ойын жайлы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

26 сәуірде Қазақстан премьер-лигасының алтыншы туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдайды.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың шәкірттері сырт алаңда «Ұлытауды» 0:1 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Ал «Жеңіс» өз алаңында «Елімайға» дәл осындай есеппен есе жіберді.

ҚПЛ-ң турнирлік кестесінде 14 ұпаймен көш бастап тұрған — «Қайрат». Алайда алматылықтар өздерінің басты қарсыластары — үш ұпайға қалып келе жатқан «Астана» мен «Тобылға» қарағанда бір ойын артық өткізген.

«Оқжетпес» жеті ұпаймен жетінші орында. Команда еншісінде екі жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс бар. Ал «Жеңіс» әзірге жеңіске жете алмай келеді — оныншы орында, төрт ұпай, төрт тең ойын және бір жеңіліс.

«Оқжетпес» шабуылшысы Алияр Мұхамед Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір айтты:

— Бізді өте тартысты матч күтіп тұр. Қарсыластың ойынын жақсылап талдап шықтық, ал бапкерлер құрамы негізгі тұстарға назар аудартты. Біз шабуылға жылдам ауысу мен сәттерді тиімді аяқтау бағытында жұмыс істедік.

«Жеңіс» — мықты команда, бірақ біз олардың күшті жақтарына қалай төтеп беру керектігін білеміз. Командаға жеңіске жетуге көмектескім келеді, және әрине, өзім де гол соғуға тырысамын. Біз өзімізге сенеміз. «Оқжетпес» жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантады деп сенемін.

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 26 сәуір

Басталу уақыты: 15:00 (тікелей эфир — 14:55-тен бастап)

Стадион: «Оқжетпес», Көкшетау

Тікелей көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!