28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Біз «Қайсардың» мықты тұстарын талдадық және не істеу керектігін білеміз – «Оқжетпестің» бас бапкері Андрей Ферапонтов

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

29-наурызда Қызылордада Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур ойыны өтеді. Ғани Мұратбаев атындағы стадионда жергілікті «Қайсар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.

Екі турдан кейін «Оқжетпес» үш ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Алғашқы матчта команда «Тұранға» (0:2) есе жіберді, бірақ кейін «Атырауды» (2:1) жеңіп, алғашқы ұпайларын еншіледі. «Қайсардың» еншісінде әзірге бір ғана ұпай бар, клуб 12-сатыда келеді: бірінші турда «Жеңіспен» тең түсіп, кейін «Елімайдан» (0:2) жеңіліп қалды.

«Оқжетпес» халықаралық үзіліс кезінде кезекті ойынға қалай дайындалды және «Қайсарға» қарсы матчтан не күтуге болады? Sport Pulse тілшісінің бұл сауалына команданың бас бапкері Андрей Ферапонтов жауап берді.

Ең бастысы – тәртіп, мүмкіндіктерді пайдалану және мінез

«Команда қызу дайындықтан өтті, барлық жоспарланған жұмысты орындап шықтық. Функционалдық дайындыққа, техника-тактикалық аспектілерге ерекше көңіл бөлдік, «Ордабасы» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, барлық футболшыларға ойын уақытын беруге тырыстық.

Бізді ұйымдасқан қарсыласқа қарсы қиын матч күтіп тұр. «Қайсардың» мықты тұстарын талдадық және алаңда не істеу керектігін білеміз. Ең бастысы – тәртіп сақтап ойнау, өз мүмкіндіктерімізді пайдалану және мінез көрсету. Жігіттер жеңіске деген құлшыныс танытып отыр, ұпай үшін соңына дейін күресеміз».

Матчты қайдан және қашан көруге болады?

«Қайсар» – «Оқжетпес» ойыны 15:00-де басталады. Тікелей көрсетілімді KFF LEAGUE You Tube–арнасынан тамашалай аласыз.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!