Оқу уақыты: 1 мин

Бивол мен Бетербиев үшінші жекпе-жекке келісті

Бивол мен Бетербиев үшінші жекпе-жекке келісті

«Mash на спорте» телеграм-арнасының хабарлауынша, Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев үшінші жекпе-жекке алдын ала келісімшарттарға қол қойды.

Биволдың бапкері Дмитрий Кириллов мәлімдегендей — ұйымдастырушылар жекпе-жекті қазан айында өткізуді ұсынған, алайда оның шәкірті кездесуді қарашаға ауыстыруды сұраған.

Боксшылардың қарсыластық тарихында Сауд Арабиясында өткен екі жекпе-жек бар — біріншісінде төрешілердің бірауызды шешімімен Бетербиев жеңіске жетсе, екіншісінде Бивол жеңіс тойын тойлады.

«Егер Түркі қаламаса, бұл болмауы мүмкін. Онда жекпе-жекті кім ұйымдастырады?» — деп жағдайға түсініктеме берді Дмитрий Бивол.