21.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин

Біржан Оразов – ресми түрде футзалдан Әлем чемпионатының тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды

IMG 7078

 

Біржан Оразовтың Испания құрамасының қақпасына соққан голы Әлем чемпионатының тарихындағы ең жылдам голы деп таныды. Біржанға бұл рекордты орнату үшін небәрі 6 секунд жеткілікті болды.

Әлем чемпионатының тарихындағы топ-3 жылдам соғылған голдар:

1. Біржан Оразов  – 6 секунд (15.09.2024)

2. Хави Родригес  – 11 секунд (05.10.2008)

3. Данил Давыдов  – 12 секунд (13.09.2016)