07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бирмингем Сити Германия құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Бирмингем Сити Германия құрамасының шабуылшысымен келісімшартқа отырды

Марвин Дукш «Бирмингем Сити» ойыншысы атанды — неміс шабуылшысы «Вердерден» жарияланбаған сомаға ауысты, деп хабарлайды ағылшын клубының ресми сайты.

31 жастағы шабуылшы үш жылдық келісімшартқа қол қойып, «Бирмингемнің» жазғы тоғызыншы трансфері болды — ертең ол Чемпионшипте «Ипсвич Таун» қарсы матчта дебют жасауы мүмкін.

Дортмунд «Боруссиясының» тәрбиеленушісі мансабын Юрген Клопптың жетекшілігімен бастап, кейін «Санкт-Паули», «Хольштайн», «Фортуна» және «Ганновер» сапында өнер көрсетті. «Вердер» құрамында шабуылшы үш маусымда Бундеслигада 32 гол соқты — оның «Унион», «Айнтрахт» және «Вольфсбургқа» қарсы матчтардағы нәтижелі сериясы Германия құрамасына шақыру алуына себеп болды.

«Мен мұнда болғаныма өте қуаныштымын және командамен алаңға шығуды асыға күтемін. Бұл үлкен клуб және мен үшін жаңа сын. Клубтың идеялары мен жоспарлары менің ойларыммен толық сәйкес келеді», — деді Дукш.