02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бирмингем Сити Англияның жастар құрамасының қақпашысын жалға алды

Бирмингем Сити Англияның жастар құрамасының қақпашысын жалға алды

Бирмингем Сити Брайтоннан Англияның жастар құрамасының қақпашысы Джеймс Бидлді жалға алғанын клубтың ресми сайты хабарлады.

20 жастағы қақпашы Словакияда өткен жастар Еуропа чемпионатында ағылшындар құрамасының титулды қорғап қалған барлық алты матчына қатысты. Бидл «көктердің» Чемпионшипке оралғаннан кейінгі алғашқы трансфері болды.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Джеймс Бидл Чемпионшиптің тағы бір клубы Шеффилд Уэнсдей сапында 57 матч өткізді.

«Келесі қадамды жасап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде ойнағым келеді. Чемпионшипте өнер көрсету тәжірибесінен кейін биыл өсе алатынымды сеземін», — деді қақпашы.