06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бірінші турдағы сәтсіздіктен кейін өзімізді ақтағымыз келеді – «Оқжетпес» капитаны Нияз Ыдырысов «Атырауға» қарсы өтетін матч туралы

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

8 наурызда Қазақстан чемпионатының екінші турында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, жаңа маусымдағы алғашқы ұпайларын еншілеуге тырысады.

«Оқжетпестің» қорғаушысы және капитаны Нияз Ыдырысов Sport Pulse сайтына команданың алдағы ойынға дайындығы туралы айтты.

– «Тұранға» қарсы ойында «Оқжетпес» қақпаға екі доп жіберіп алып, маусымды сәтсіз бастады. Бұл команданың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етті?

– Әрине, өкінішті болды, себебі біз маусымды жеңіспен бастағымыз келді. Бар күшімізді салдық, бірақ, өкінішке орай, ойдағыдай шықпады. Дегенмен, қателіктерімізді талдап, ойынға жан-жақты сараптама жүргіздік. Қажетті қорытындылар жасадық. Енді алға қарай жылжимыз.

– «Атырауға» қарсы матчқа дайындық қалай жүріп жатыр?

– Қазір жаттығу жұмыстарын жүргізудеміз. Сәтсіз басталған маусымнан кейін өзімізді ақтағымыз келеді, әсіресе жанкүйерлеріміздің алдында. Кезекті матчта өз алаңымызда өнер көрсететінімізге өте қуаныштымыз.

– Алдағы қарсылас туралы не дейсіз?

– «Атырау» фаворит болып саналмағанның өзінде, маусымды сенімді түрде бастап, «Елімайды» 2:1 есебімен жеңді. Бұл – тәртіпті әрі мығым команда, олармен ойнау біз үшін қызықты болмақ.

Матч қайда және қашан өтеді:

Стадион: «Оқжетпес», Көкшетау

Басталуы: 15:00

Тікелей көсетілім: YouTube-арнасы KFF League