25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бірінші лигадағы шешуші тур ойындары басталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бірінші лигадағы шешуші тур ойындары басталды

Қазақстанның Бірінші лигасында 25–26 қыркүйек күндері кезекті тур ойындары өтеді.

Бүгін, 25 қыркүйекте үш кездесу жоспарланған:

  • «SD Family» (Астана) – «Ертіс» (Павлодар),

  • «Академия Оңтүстік» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды),

  • «Түркістан» – «Екібастұз» (Павлодар облысы).

Ертең, 26 қыркүйекте тағы төрт матч ойналады:

  • «Каспий» (Ақтау) – «Ақтөбе-2»,

  • «Алтай» (Өскемен) – «Хан тәңірі» (Алматы),

  • «Жетісай» (Түркістан облысы) – AKAS (Алматы),

  • «Тараз» – «Қайрат-2» (Алматы).

Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар келесі маусымда Премьер-лигаға тікелей жолдама алады. Қазір «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» және «Алтай» үздіктер қатарында келе жатыр.

Фавориттердің қатарында «Шахтер», «Ертіс» пен «Каспий» бар. Жиырма екі турдан кейін дәл осы төрттік бірінші орындар үшін негізгі бәсекеге түсуі мүмкін.

Осы аптадағы ойындар Премьер-лига жолдамасына таласта шешуші рөл ойнайды.