17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды.

Командалық әлем чемпионатының ширек финалында қос құраманың арасындағы кездесу 18 қыркүйекке белгіленген.

Бәсекені әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро бастайды. Қос теннисші осыған дейін өзара кездеспеген.

Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингіде 7-сатыдағы Джессика Пегулаға кезек келеді. Бұдан бұрын Пегула Рыбакинаны үш рет жеңіп, біреуінде жеңілген.

Жарыс фавориттерінің бірі АҚШ жұптық сында да мықты. Тейлор Таунсенд әлемдік рейтингіде көш бастаса, оған Маккартни Кесслер көмектеседі. Дегенмен қазақстандықтар Анна Данилина — Жібек Құламбаеваға үміт артады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.