19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«БИІК» бас бапкері Калоян Петков қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«БИІК» бас бапкері Калоян Петков қызметінен кетті

Шымкенттің «БИІК» клубы 53 жастағы болгариялық маман Калоян Петковтың бас бапкер қызметінен кеткенін жариялады. Клуб мәліметінше, тараптар өзара келісім бойынша ынтымақтастықты тоқтатты. «БИІК» Петковқа бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып Әбдухалик Бөрібаев тағайындалды.

Еске салайық, әйелдер арасындағы Еуропа кубогының алғашқы іріктеу кезеңінде шымкенттік клуб швейцариялық «Грассхопперден» 1:3 есебімен ұтылған еді.