24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бибосыновтың бапкері кәсіби бокстағы табысты дебюттен кейінгі жоспарлары туралы айтты

Бибосыновтың бапкері кәсіби бокстағы табысты дебюттен кейінгі жоспарлары туралы айтты

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың бапкері Мырзағали Айтжанов шәкіртінің кәсіби рингтегі табысты дебютіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 24kz_sport.

Сәкен бұл жекпе-жекке жақсы дайындалды. Оның қарсыласы да әлсіз емес — кәсіби рингте он жекпе-жек өткізіпті, бірақ менің шәкіртім жекпе-жекті шеберлікпен жеңіп шықты. Осы жекпе-жекті ұйымдастырған промоутерлер өте риза

Қазақстандық боксшы алғашқы кәсіби жекпе-жегін Бішкекте өткізді — қарсыласы рекорды 6-1-3, 4 КО болған филиппиндік Кристиан Легане болды. Бибосынов бірінші раундта нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айтжанов сондай-ақ болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті — оның шәкірті өзбек спортшыларының үлгісімен әуесқой және кәсіби бокста мансабын қатар дамытуды көздеп отыр.