04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бибисара Асаубаеваның анасы қызына қатысты сынға жауап берді

Бибисара Асаубаеваның анасы қызына қатысты сынға жауап берді

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикова әлеуметтік желілердегі сынға байланысты бейнеүндеу жасады.

«Бибисара орыс және ағылшын тілдерін жетік біледі, ал қазақ тілін үйреніп жатыр. Ол Қазақстанда бірінші нөмір және еліміздің атын интеллектуалды спорт түрі — шахматтан әлемдік аренада шығарып жүр», — деді Танжарикова.

Спортшының анасы қызына қатысты жағымсыз пікірлер қонақжайлылығымен және мейірімділігімен танымал қазақ халқының шынайы бейнесін бұрмалайтынын атап өтті.

«Бізді басқаша тәрбиеледі — біздің ұлттық кодымыз мүлдем басқа. Біз бір-бірімізді әрдайым қолдайтын мейірімді және тәрбиелі ұлтпыз», — деді Танжарикова.

Соңында ол отандастарын Қазақстанды халықаралық аренада таныстыратын спортшыларға көбірек құрмет көрсетуге шақырды.