16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанның Самарқан қаласындағы FIDE Grand Swiss and FIDE Women’s Grand Swiss 2025 турнирінде әйелдер арасында үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз шешуші турда Анна Музычукпен тең ойнап, мүмкін болған 11 ұпайдың 7,5-ін жинады.

Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:

1. Вайшали Рамешбабу 8 ұпай (Үндістан)
2. Екатерина Лагно 8 ұпай (FIDE)
3. Бибісара Асаубаева 7,5 ұпай (Қазақстан)
Мұнда Вайшали мен Екатерина әлем чемпионына үміткерлер турниріне жолдама алды.

Айта кетейік, турнир 4-15 қыркүйек аралығында Самарқандағы «ЭКСПО» көрме орталығында өтті. Ерлер арасындағы ашық сында 116, әйелдер арасында үздік 56 ойыншы бақ сынады. Жалпы жүлде қоры — 855 000 АҚШ доллары. Оның 625 000 доллары ашық турнирде, 230 000 доллары әйелдер арасында үлестірілді.