01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бибарыс Аширбай Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бибарыс Аширбай Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бангкокте 19 және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жекпе-жегін Бибарыс Аширбай өткізді.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бибарыс 1/8 финалда түрікменстандық Фарух Юлдашевпен қолғап түйістірді.

Кездесу барысында қазақстандық боксшы толықтай басымдық көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, жарыс 11 тамызға дейін жалғасады. Турнирге 25 елдің өкілдері қатысып жатыр. Бұл — World Boxing ұйымы тарихындағы алғашқы жастарға арналған құрлықтық чемпионат.