15.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бейбіт Жукаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Бейбіт Жукаев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Теннисші Бейбіт Жукаев Қазақстанның ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады.

«Дэвис кубогы» бірінші әлемдік тобындағы Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың қорытынды ойынында Жукаев Филипп Херттен 3:6, 6:4, 10:8 есебімен басым түсті.

Қазақстан мен Дания арасындағы қорытынды есеп қонақтар пайдасына 3:1 болды. Бұған дейін бүгін Александр Бублик пен Александр Недовесов екі сетте Август Хольмгрен/Йоханнес Ингилдьдсеннен 6:7 (8:10), 3:6 есебімен ұтылды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!