17.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бейбіт Жукаев алғаш рет ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Жукаев

Қазақстандық, әлемнің 213-ракеткасы Бейбіт Жукаев Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Екінші айналымда 24 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачты жолдан тайдырды.

Бірінші партияда Бейбіт 3:1 есебімен алда тұрған кезде өзін жайсыз сезінген чехиялық спортшы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалға шығу үшін әлемнің 26-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, ресейлік Карен Хачанов немесе рейтингіде 116-орындағы финляндиялық Отто Виртаненнің біреуімен кездеседі.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Freedom Экожүйесі: Бір бренд – мыңдаған мүмкіндіктер.