18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бейбарыс Оразов алғашқы голын соқты, бірақ «Барыс» жеңілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Барыстың» қорғаушысы Бейбарыс Оразов КХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, «Сібірге» қарсы ойындағы жеңіліс туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, команда сапардағы ойындардан кейін аздап шаршаған, бірақ барлығы дұрыс дайындалып, жақсы көңіл-күймен шыққан. «Барыс» ойынды сәтті бастап, есеп ашқанымен, кейін қателіктерге жол беріп, 2:3 есебімен жеңілді.

Қазіргі таңда «Барыс» КХЛ-дың Шығыс конференциясында 35 ұпаймен соңғы, 12-орында тұр.