Оқу уақыты: 1 мин

«Бейбарыс» ХК ойыншысы Олег Гофман мезгілсіз қайтыс болды

«Бейбарыс» ХК ойыншысы Олег Гофман мезгілсіз қайтыс болды

Атыраудың «Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы Олег Гофман мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

3 жастағы қорғаушының қаза тапқаны туралы ақпаратты «Бейбарыс» клубының баспасөз қызметі растады. Жас спортшының өліміне не себеп болғаны туралы әзірге мәлімет жарияланған жоқ.

«Олег Гофман қайғылы оқиға салдарынан көз жұмды. Ол соңғы екі маусым бойы біздің команданың намысын қорғап келді. Олег әрдайым сенімді қорғаушы және абыройлы азамат ретінде есімізде қалады», – делінген клуб хабарламасында.

Мәскеулік «Динамо» мектебінің түлегі өз отанында жерленеді. Клубтың хабарлауынша, қоштасу рәсімі ертең өтеді.

Айта кетейік, 2024/2025 маусымда Олег Гофман «Бейбарыс» сапында Pro Hokei Ligasy аясында 38 матч өткізіп, 2 шайба соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Өскеменде жастар командасының қақпашысы Иван Пылёнок те көз жұмған еді. Оның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын прокуратура жүргізіп жатыр.