Оқу уақыты: 1 мин

Бейбарыс Ерсеит жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бейбарыс Ерсеит жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсеит Перудің Лима қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді.

61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қоссайыс бойынша 262 кг (жұлқа көтеруде 117 кг + серпе көтеруде 145 кг) нәтижемен чемпион атанды.

Бұл жеңіс — Қазақстан ауыр атлетикасының жас буынының әлеуетін көрсететін зор жетістік.