07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бетис пен Комо футболшылары достық матч кезінде төбелесті

Бетис пен Комо футболшылары достық матч кезінде төбелесті

Football-Espana мәлімдеуінше, испандық Бетис пен италиялық Комо арасындағы достық матч — дау-жанжал мен төбелеспен аяқталды.

Бірінші таймның қосымша уақытында испан команда ойыншысының қатты құлауынан кейін — алаңда жанжал туындады. Жартылай қорғаушы Пабло Форнальс пен жартылай қорғаушы Максимо Перроне төбелес кезінде бір-біріне шапалақ жұмсады.

Төреші Максимо Перронені және төрешімен дауласқаны үшін Бетис қорғаушысы Эктор Бельеринді алаңнан шығаруға шешім қабылдады. Пабло Форнальс қызыл қағаздан құтылып кетті.

Жағымсыз оқиғаға қарамастан, матч соңына дейін ойналды — италиялық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті.