Оқу уақыты: 1 мин

«Бетис» алғаш рет еурокубок финалына шықты

«Бетис» алғаш рет еурокубок финалына шықты

Sports мәліметінше, Мануэль Пеллегринидің басшылығындағы испандық «Бетис» клубы тарихи жетістікке қол жеткізді — алғаш рет еуропалық турнирдің финалына өтті.

Севилья командасы Конференция лигасының жартылай финалында италиялық «Фиорентинаны» екі матч қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңіп шықты.

Финалдық кездесуде «ақ-жасылдар» ағылшын «Челсимен» күш сынасады. Осы жетістікке дейін «Бетистің» еуропалық турнирлердегі ең үздік көрсеткіші Кубок иегерлері кубогының ширек финалына шығуы болған.