08.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бетербиевтен Жалоловқа қолдау білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
джалолов2

Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев жұлдызы жанып келе жатқан өзбекстандық Баходир Жалоловқа қолдау білдірді. Екі боксшы Дубайда кездесіп, ортақ суретке түсіп үлгерген.

«Кәсіпқой бокста да осындай табысты мансап тілеймін, Баходир», — деп жазды Бетербиев Instagram сторисінде жарияланған суреттің астына.

Айта кетейік, Жалолов бұл кездесудің суретін өз парақшасында бөліскен болатын. Сол сәтте танымал қазақстандық Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те қастарында болған.

Өз кезегінде Жалолов 5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді ұпай санымен жеңіп, кәсіпқой рингтегі 15-ші жеңісіне жеткен. Ал Бетербиев ақпанда Дмитрий Биволға төрешілер шешімімен жол берген болатын.