18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бетербиев қарсыластарымен қол алыспау себебін түсіндірді

Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Артур Бетербиев жекпе-жекке дайындық кезінде қарсыластарымен қол алыспау себебін Sport24.ru сайтына былай түсіндірді:

«Бәрі өте қарапайым. Мысалы, ертең бізде жекпе-жек болады, сен мені жеңгің келеді. Сен мені барынша қатты ұрғың келеді. Мен сенімен неге қол алысуым керек?»

Чемпионның келесі жекпе-жегі 22-ші ақпанға жоспарланған — Бетербиев өткен жылдың қазан айында төрешілер шешімімен жеңген Дмитрий Биволмен қайта кездеседі.