Оқу уақыты: 1 мин

«Бешікташ» жазда Бахтияр Зайнутдиновты сатқысы келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Бешікташ» жазда Бахтияр Зайнутдиновты сатқысы келеді

Түркиялық «Бешікташ» жазғы трансферлік терезеде құрамды жаңартуды жоспарлап отыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, клуб басшылығы шетелдік футболшылармен қоштасуға ниетті — бұл қатарда Қазақстандық Бахтияр Зайнутдиновтің де есімі аталды.

Сонымен қатар, командадан Чиро Иммобиле мен Алекс Окслейд-Чемберлен де кетуі ықтимал. Егер жоба іске асса, «Бешікташтың» жалақы қоры 20 миллион еуроға дейін қысқарады.

Клубтың жаңарту жоспары аясында жас әрі жергілікті ойыншыларға басымдық берілуі мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!