26.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бешикташ Түркия чемпионатында Ризеспордан тосын жеңілді

Бешикташ Түркия чемпионатында Ризеспордан тосын жеңілді

Түркия Суперлигасының 37-ші тур ойынында стамбулдық «Бешикташ» — өз алаңында «Ризеспордан» күтпеген жеңіліске ұшырады.

Бірінші тайм голсыз аяқталды — ал негізгі оқиғалар үзілістен кейін өрбіді. Самет Акайдин 61-ші минутта қонақтар есебін ашса, Жоау Мариу тез арада тепе-теңдікті қалпына келтірді. Ойын тағдырын қосымша уақытта Али Соу шешті, «Ризеспорға» 2:1 есебімен жеңіс әкелді.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты командасына көмектесе алмады. Осы жеңілістен кейін «Бешикташ» 59 ұпаймен төртінші орында қалса, «Ризеспор» 46 ұпаймен 11-ші орынға көтерілді.