30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бешикташ» Тэмми Абрахамды қатарына қосады

«Бешикташ» Тэмми Абрахамды қатарына қосады

«Романың» ағылшын шабуылшысы Тэмми Абрахам түрік «Бешикташ» командасының ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, трансфер құны шамамен 20 миллион еуроны құрайды.

Бұрын хабарланғандай, ресейлік «Зенит» де Абрахамға қызығушылық танытып, трансфер үшін осындай соманы және жылына шамамен 5 миллион еуро жалақы ұсынып отыр. Алайда футболшының өзі мансабын Еуропаның үздік чемпионаттарының бірінде жалғастырғысы келетінін айтып, Ресейге ауысудан бас тартты.

27 жастағы шабуылшы өткен маусымды «Милан» сапында жалда ойнап, 45 матч өткізіп, 10 гол және 7 нәтижелі пас берді.