15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Бешикташ» «Сент-Патриксті» жеңіп, Конференция лигасының іріктеу финалына шықты

«Бешикташ» «Сент-Патриксті» жеңіп, Конференция лигасының іріктеу финалына шықты

Стамбулдық «Бешикташ» үшінші раундтағы екінші матчта ирландиялық «Сент-Патриксті» жеңіп, Конференция лигасының іріктеу кезеңінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Стамбулдағы жауапты ойында қонақтар алғашқы минуттардан-ақ фавориттерді таңғалдырды. Ирландиялықтар бірінші таймның ортасына қарай 2:0 есеппен алда болды, алайда Тыкназ үзіліске дейін есепті қысқартты. Екінші таймда Абрахам есепті теңестірді. Ал ойын соңында алаңға шыққан Жоау Мариу жеңіс голын еншілеп, матч 3:2 есебімен аяқталды. Екі матчтың қосындысы бойынша «Бешикташ» 7:3 есебімен жеңіске жетті.

Іріктеу финалында «Бешикташ» швейцариялық «Лозаннамен» кездеседі.