29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бешикташ Гөзтепенің бразилиялық шабуылшысына қызығушылық танытты

Бешикташ Гөзтепенің бразилиялық шабуылшысына қызығушылық танытты

Sportnews.az хабарлауынша, Стамбұлдың «Бешикташ» клубы «Гөзтепе» сапында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық шабуылшы Ромулоға қызығушылық танытуда.

23 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Түркия Суперлигасындағы ең көзге түскен легионерлердің бірі. Бразилиялық футболшы 29 ойында 13 гол соғып, 9 голдық пас берген.

«Қара бүркіттер» футболшы измирлік клубқа небәрі төрт ай бұрын қосылғанына қарамастан, трансферді жазда жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ромулоның «Гөзтепемен» келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін жарамды. Түркия чемпионатына ауыспас бұрын шабуылшы «Атлетико Паранаэнсе» сапында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, «Бешикташ» құрамында Қазақстан құрамасының тарихындағы үздік бомбардир Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетуде.