30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бес қазақстандық боксшы Астанадағы Әлем кубогының алғашқы күнінде жұдырықтасады

Бес қазақстандық боксшы Астанадағы Әлем кубогының алғашқы күнінде жұдырықтасады

Астанада World Boxing бокстан Әлем кубогы басталады — жарыстың алғашқы күні, 30 маусымда, бес қазақстандық спортшы рингке шығады.

Сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда отандық боксшылардың үш жекпе-жегі өтеді. Назым Қызайбай (48 кг) 1/8 финалда канадалық Приянха Диллонмен кездессе, Әнел Сақыш (54 кг) 1/16 финалда неміс спортшысы Татьяна Обермайермен жұдырықтасады, ал Абылайхан Жүсіпов (70 кг) 1/8 финалда қырғызстандық Алмаз Орозбековпен күш сынасады.

Кешкі сағат 19:00-де басталатын бағдарламада екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді — Виктория Графеева (60 кг) 1/8 финалда жапониялық Аяка Тагутимен жұдырықтасса, Наталья Богданова (70 кг) осы кезеңде үндістандық спортшы Санамача Чану Токчпен кездеседі.

Барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.