Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Бес айдан кейін әділет орнады: «Унионға» техникалық жеңіліс тіркелді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Бес айдан кейін әділет орнады: «Унионға» техникалық жеңіліс тіркелді

Бундеслиганың 14-турында өткен «Унион» — «Бохум» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталған еді.

Алайда 90+1 минутта «Унион» жанкүйерлері алаңға оттық лақтырып, «Бохум» қақпашысы Патрик Древесті жарақаттап, оның ойынды жалғастыруына мүмкіндік бермеді.

Барлық ауысым мүмкіндіктерін толық пайдаланғандықтан, «Бохум» қақпасын шабуылшы Филипп Хофманн қорғауға мәжбүр болды. Нәтижесінде команда матчты бір ойыншы кем аяқтады.

Осы оқиғаға байланысты «Бохум» сотқа жүгінді. Бес айдан аса тергеу жүргізілгеннен кейін, «Унионға» 0:2 есебімен техникалық жеңіліс тіркелді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!